2026 жылғы 2 шілдеде Орал қаласында «Ақ жол» Демократиялық
партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының
алғашқы сайлауын тағайындау туралы Жарлығына сәйкес еліміздегі маңызды саяси
науқанға қатысты мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ ҚДП «Ақ жол» Орталық аппаратының
тапсырмасына сәйкес 2026 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында өтетін ҚДП «Ақ жол»
кезектен тыс XXII Съезіне Батыс Қазақстан облыстық филиалы атынан қатысатын делегаттар
бірауыздан сайланды.
Саяси кеңесі Бюросының шешімімен съезге:
• Асқар Серікұлы Мерғалиев;
• Ержан Қайржанұлы Хасанов;
• Айбек Айғалиұлы Қайырғалиев;
• Серік Чапайұлы Дүйсенов;
• Бахытжан Мендыгерейұлы Гадельшиев;
• Алма Болатқызы Елеусинова;
• Думан Мұғалұлы Шанов делегат болып сайланды.
«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық
филиалы алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, партияның бағдарламалық
ұстанымдарын кеңінен насихаттау және өңірдегі сайлауалды жұмыстарды тиімді
ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізетін болады.
.jpeg)
