31
Мамыр

«Ақ жол» партиясының белсенділері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасына қатысты

31 мамыр 2025 жыл, Жетісу облыстық филиалы

2025 жылғы 31 мамыр күні Талдықорған қаласында «Ақ жол» Демократиялық партиясының Жетісу облыстық филиалының белсенділері мен мәслихат депутаттары Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шараға қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың көрнекті ақыны, қуғын-сүргін құрбаны Ілияс Жансүгіровтің ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойып, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.