27
Шілде

«Ақ жол» партиясының өкілі Қазалы ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» Демократиялық партиясының Қызылорда облыстық сайлау штабының мүшесі, Қазалы аудандық мәслихатының депутаты Шәкизада Келімбетқызы Асқарова аудан орталығында тұрғындармен кездесіп, партияның үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ол тұрғындарға «Ақ жол» Демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, партияның ел экономикасын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бастамалары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар тұрғындарға партияның үгіт-насихат парақшалары таратылып, алдағы сайлауда «Ақ жол» Демократиялық партиясына дауыс беруге шақырды.

«Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері өңірлерде сайлаушылармен кездесулерін жалғастырып, партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.