22
Шілде

«Ақ жол» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы сайланды

22 шілде, 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

2022 жылдың 21 мамырында өткен «Ақ жол» партиясының  Құрылтайында жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында партия филиалдарын ашу туралы қабылданған шешіміне байланысты, партияның Жезқазған қалалық өкілдігінің кезектен тыс конференциясында Ұлытау облыстық филиалының төрағасы сайланды.


Аталған шараға «Ақ жол» фракциясының депутаттары Берік Дүйсенбинов пен Ерлік Өмірғали, Партияның Орталық аппаратының басшысы Асылхан Қожахметов, Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ермек Әбілдин, "Ақ жол" партиясы атынан сайланған жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттары мен облыстағы "ақжолдың" белсенділері қатысты.

Конференцияда Мұсабек Төлегеновтың  кандидатурасы ұсынылып, көпшіліктің дауыс беруімен «Ақ жол» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Оған қоса «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Берік Сәлімжанұлы, партияның Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев конференция қатысушыларына партияның жұмысы туралы айтып өтті.

Шара соңында депутат Ерлік Өмірғали белсенді азаматтарды «Ақ жол» партиясының арнайы төсбелгісімен марапаттап, партияға бірқатар азаматтарды мүшелікке қабылдады.