17
Тамыз

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Атырау вагон құрастыру зауытының» еңбек ұжымымен кездесті

Жиынға партия төрағасы Дания Мадиқызы мен Құрылтай депутаттығына үміткерлер қатысып, зауыттың өндірістік жұмысымен танысты.

Кездесу барысында отандық өндірісті дамыту мен кәсіпкерлерді қолдау жайы талқыланды. Ал еңбек ұжымы өз кезегінде несие, ипотеканы жеңілдету, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайту, баспана қолжетімділігі және жеке мәліметтердің коллекторларға таралуы сияқты ең өзекті мәселелерді көтерді.

Партия өкілдері отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу, оның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша өз ұсыныстарын айтып, жұмысшылардың пікірлерін мұқият тыңдады.