02
Тамыз

«Ақ жол» партиясының “Таза Қазақстан” экоакциясын қолдауға арналған сенбілік

2 тамыз 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

2025 жылдың 2 тамызында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев, «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов, Алматы қалалық және облыстық мәслихаттарының депутаттары Асқар Бисқұлтанов пен Сергей Горяной, сондай-ақ партияның Жастар кеңесінің мүшелері,  Алматы қалалық және облыстық филиалдарына мүшелері “Таза Қазақстан” жобасын қолдау мақсатында эко-акциясын өткізді.

Ақжолдықтар оңтүстік астананың орталық саябақтарының бірі – «Достық» алаңындағы аумақтарды тазартып, қоқыстарды шығарды, осы іс арқылы қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне қоғамның назарын аударуға үлес қосты.

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы: «Мен үшін тазалық – бұл өмір бойы бізбен бірге болуы тиіс құндылық. Ол тікелей өзімізге байланысты. Егер біз заманауи, әдемі, жайлы үйде, көшеде, ауылда, қалада өмір сүргіміз келсе, онда бұл мекендерімізді күтіп-ұстау – өз қамымыз. Елімізді де, үйімізді де бізден артық ешкім күтіп бермейді», – деді.

Еске салайық, «Таза Қазақстан» акциясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінде басталған болатын. Содан бері экологиялық ұлттық қозғалыс миллиондаған адамдарды біріктіріп, экологиялық мәдениет пен тұрақты тәжірибені қалыптастыруға ықпал ететін мемлекеттік платформаға айналды.

Сондай-ақ, сенбілікке Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысып, арнайы техника мен тазалық заттарын жеткізіп берді.

Таза Қазақстан - ортақ ісіміз! Ақ жол!