07
Қазан

“Ақ жол” партиясының Жастар кеңесінің мүшелері Жетісу университеттің гуманитарлық факультетінің студенттеріне тағылымды кеш өткізді

7 қазан 2025 жыл, Жетісу облыстық филиалы

7 қазан күні 2025 жылы “Ақ жол” партиясының Жетісу облыстық филиалының Жастар Кеңесінің үйлестірушісі Асель Ермекова және белсенді мүшесі Динара Ерған Жетісу университеттің гуманитарлық факультетінің студенттеріне тағылымды кеш өткізді. 

Жетісудың жастарына Динара Ерған Қабдеш Жұмаділдің бай шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, өмір жолынан тағылымды деректермен бөлісті.

Еске салсақ, “Ақ жол” демпартиясының Жастар Кеңесі ұлт тағдырына үлес қосқан қайраткер Қабдеш Жұмаділдің тұлғасын Шымкент, Астана, Семей, Тараз, Қостанай және Талдықорған қалаларындағы жастарға таныстыруды ағымдағы жылы көктемде бастаған еді, бұл жоба жалғасуда.

“Ақ жол” партиясының Жастар Кеңесі Жетісу облыстық филиалының ұжымына жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Ақ жол!