23
Сәуір

“Ақ жол” партиясының Жастар кеңесінің оқу-ағартушылық жобасы

23 сәуір 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

“Ақ жол” партиясының Шымкент қаласының Жастар Кеңесі Политехникалық колледжде 200 ден астам студенттерге «Қазақ әдебиетінің абызы – Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы» тақырыбында таңымдық кедесу өткізді.

Аяулым Леспаева кездесу барысында жазушының балалық шағы, туған жері, өмірлік ұстанымы мен шығармашылық жолы кеңінен сөз қозғады. Студенттер оның “Соңғы көш”, “Тағдыр”, “Дарабоз” сынды тарихи романдары арқылы қазақ халқының күрделі кезеңдерін қалай шебер бейнелегеніне көз жеткізді.

Шараға арнайы қатысқан «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының заңгері Данара Саранова партия қызметі мен бастамалары туралы да кеңінен ақпарат берді. Ол жастарды ел болашағы жолындағы белсенді азамат болуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға шақырды. Сонымен қатар, партияның кәсіпкерлікті қолдау, білім мен жастар саясатына қатысты ұстанымдарын таныстырды.

Сонымен қатар, “Ақ жол” партиясының Шымкент қалалық филиалының Жастар кеңесінің белсенді мүшесі Аяулым Мықтыбек дәріске қатысқан жастар арасында “Kahoot”интерактивті платформасында сұрақ-жауап форматында ойын өткізді.

“Ақ жол” партиясының Жастар Кеңесі Шымкент қалалық филиалының ұжымына жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Ақ жол!