12 ақпан 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы
12 ақпанда «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының Қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауды партияның Алматы қалалық филиалының басшысы Куандык Бискультанов пен Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі, заңгер Майса Абдраманова жүргізді.
Қабылдауда Алматы қаласы, Түрксіб ауданының тұрғыны В. Боровик өткен ғасырдың отызыншы жылдары салынған бір үйдің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Ескі үйлерді бұзу бағдарламасына сәйкес аудандағы барлық осындай үйлер бұзылып болды. Бірақ осы бір үйді бұзу жөнінде құрылысшылар мен пәтер иелерінің арасында келісім бола тұрып жағдай әлі белгісіз болып тұр.
Апатты үйдің тұрғындары Түрксіб ауданының әкімшілігінен осы жағдайға қатысты туындаған сауалдарына ешқандай жауап ала алмай отыр.
«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының басшысы К. Бискультанов бұл мәселе бойынша апатты үйдің тұрғындарына барынша қолдау көрсетуге уәде берді.