16
Қараша

«Ақ жол» жастары Президент CUP турнирінде – ширек финалда

16 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Торайғыров университетінің 65 жылдық мерейтойына орай Павлодар қаласында өтіп жатқан Республикалық “President CUP” турниріне

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы және кеңес мүшелері облыс намысын қорғауға аттанды.

Бұл сапар «Ақ жол» ДП Абай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Иманжапар Мұрат Тілегенұлының қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асты. Жастардың білім мен бәсекеге ұмтылысын қолдап, олардың республикалық деңгейде өнер көрсетуіне мүмкіндік жасауы – аймақ жастарына үлкен демеу.

Жас пікірсайысшылар турнирде жоғары дайындық танытып, ширек финалға жолдама алды.

Бұл – олардың табандылығы мен көрсетілген қолдаудың нақты жемісі.

Жерлестерімізге келесі кезеңдерде сәттілік тілейміз!

Өңір жастарының әрбір жетістігі – ортақ мақтаныш.