2026 жылғы 15 қыркүйек, «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» Демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партия басшылығы мен KIT халықаралық кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерінің кездесуі өтті.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы тарапынан кездесуге партия төрағасы Дания Еспаева, төрағаның орынбасары Берік Дүйсембинов, сондай-ақ партия өкілдері қатысты.
KIT кәсіпкерлер қауымдастығын оның негізін қалаушы Дәурен Бимов және қауымдастық мүшелері таныстырды.
Кездесу барысында тараптар кәсіпкерлікті дамыту, бизнес жүргізу жағдайлары және кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.
Қатысушылар отандық кәсіпкерлер бүгінгі таңда кездесіп отырған проблемаларға тоқталып, бизнес саласындағы қандай мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу қажет екенін ортаға салды.
Дания Еспаева кәсіпкерлерді қолдау, жеке меншікті қорғау және бизнес үшін әділ жағдай қалыптастыру «Ақ жол» Демократиялық партиясы жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
KIT өкілдері өз кезегінде қауымдастықтың жұмысы туралы айтып, депутаттар мен мемлекеттік органдардың назарын қажет ететін мәселелерді көтерді.
Кездесу қорытындысында тараптар отандық бизнестің мүддесін қорғау жолындағы
бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.