03
Қараша

“Ақ жолдың” Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты Жалғас Бекеев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына үлес қосты

3 қараша 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосында сенбілік ұйымдастырылды.

Шараға ауылдың қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және жастар  қатысты.

Сенбілік кезінде ауыл көшелері тазартылып, ауылдың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру жұмыстарына қажетті ағаш көшеттерін алуға “Ақ жолдың” Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты Жалғас Бекеев көмектесті.