Бүгін, 12 қаңтарда «Ақ жолдың» Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Ақтау қаласында жаңадан ашылған «SM» клиник тіс емханасының қызметкерлерімен кездесіп, заманауи технологиялармен жабдықталған стоматологиялық клиниканының жұмысымен танысты.
Мәжілісімен жұмыс барысында салық кодексіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, осы бағыттағы Парламенттегі «Ақ жол» фракциясының жұмысын атап өтті. Сондай-ақ, мәслихат депутаттарының тарапынан дүкендердегі шет елдерден келетін балалардың қызығушылығын арттыратын түрлі тәттілердің ешқандай аудармасы жоқ екендігі, мұндай тауарлар сатылу үшін рұқсат қағаздары бойынша мәселелер көтеріліп, талқыланды.
Кездесуге «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбаев, «Ақ жолдың» барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Ербол Айтуов, Амангелді Өтешов, Наурызбек Тилепов, сондай-ақ, партияның белсенді өкілдері Ғазиза Тажибаева, Бақытжан Жұмағалиұлы және кәсіпкерлер қатысты.
Клиника стоматологияның барлық негізгі бағыттары бойынша (терапиялық стоматология, ортодонтия, ортопедия, хирургиялық стоматология және балалар стоматологиясы) қызмет көрсетеді. Әрбір бағытта тәжірибелі, білікті дәрігерлер жұмыс істейді, ал емдеу халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі. Клиника әсіресе балаларға ерекше көңіл бөледі екен.
- «Клиникамыздың маңызды артықшылығы – өзіміздің стоматологиялық зертханамыздың болуы. Бұл бізге коронкалар мен ортопедиялық конструкцияларды қысқа мерзімде, жоғары дәлдікпен және сапалы материалдардан дайындауға мүмкіндік береді. Зертхана мен дәрігерлер арасындағы тығыз байланыс ем нәтижесінің мінсіз болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, клиникамызда толық жабдықталған оқу орталығы жұмыс істейді. Оқу орталығы практикалық жұмыстарға арналған заманауи стоматологиялық қондырғылармен, фантомдармен және барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Мұнда дәрігерлер мен ассистенттер өз біліктілігін арттырып, практикалық дағдыларын жетілдіре алады, сондай-ақ студенттер мен жас мамандар үшін оқыту курстары өткізіледі.», - дейді клиника директоры Алмгүл Аймүкенова.
Кездесу соңында Түпқараған ауданының әлеуметтік, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, қайырымдылық, спорт және жастар саясаты бағытында тұрақты қолдау көрсетіп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген белсенді кәсіпкер, «Tupkaragan Development» ЖШС директоры Иса Бекасыл Болатұлы «Ақ жол» партиясы Президиумы және ҚР Ұлттық индустриялды палатасы басқармасының атынан ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және Қазақстан экономикасынының қалыптасуына қосқан жеке үлесі үшін, «ЕҢБЕГІМ ЕЛІМЕ» медалімен марапатталды.
Сонымен
бірге, Мәжіліс депутаты көтерілген ұсыныстарды назарға алып, “Ақ жол”
фракциясының алдағы жұмысында бірлесіп қарастыруға дайын екенін айтты.

.jpeg)
