Бүгін, 12 қаңтарда «Ақ жолдың» Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында Жаңаөзен қаласында «Каскор-Машзавод» ЖШС-нің жаңа зауытын аралады.
Жұмыс барысында Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясының 2025 жылы атқарған жұмыстарының негізгі бағыттары мен қабылданған заң жобалары жөнінде ақпарат берді және ел дамуына бағытталған бастамалар туралы да айтты.
Шараға «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбаев, «Ақ жолдың» барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Ербол Айтуов, Амангелді Өтешов, Ерлан Сәбиев, сондай-ақ, партияның белсенді өкілдері Ғазиза Тажибаева, Бақытжан Жұмағалиұлы қатысты.
Зауыт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіптік негізді нығайту және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, өңдеу саласын дамыту, сондай-ақ, Жаңаөзен қаласының экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
- «Кәсіпорын жылына 540 мың дана сорғы штангасын, 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырларды және футеровкалы сорғы-компрессорлық құбырларды өндіруге қауқарлы. Өндірісте 250 жұмыс орны жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге, еліміздің мұнай-газ саласы үшін маңызды өнім өндіретін отандық кәсіпорынға айналу»., - дейді зауыт басшысы Ербол Айтуов.
Кездесу
соңында Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев зауыт қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін
тыңдап, сұрақтарына жауап берді.




