19 қараша 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиал
Ақтауда «Жомарт жан» сыйлығының лауреаттарын марапаттауға арналған дәстүрлі
салтанатты шарасы өтті.
Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан
Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының
меңгерушісі М. Әзілханов, сондай-ақ Парламент Сенатының депутаттары және
өңірдегі саяси партия өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.
Аталған шарада «Жомарт жан» сыйлығының “Жыл тұлғасы” номинациясы бойынша
“Ақ жолдың” Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты, «МұнайФилдСервис» мекемесінің
директоры Белшер Нұрлан Тукмағамбетұлы марапатталды.
«Жомарт жан» сыйлығы – азаматтық жауапкершілік пен рухани ұстанымның айқын
белгісі. Осындай игілікті істер қоғамдағы ынтымақты арттырып, ортақ
құндылықтарды дәріптеуге, қайырымдылық пен бірлік мәдениетін қалыптастыруға зор
ықпал етеді.
Нұрлан Тукмағамбетұлы, игі істеріңіздің жемісін көре беріңіз. Құтты болсын!

