16
Маусым

Ақан сері шетелше сөйлеген бе?/Қазыбек Иса/ - Казак унi

Құлагер ескерткішіне неге шет тілінде жазылған?!.
Қытай Халық Республикасы Жазушылар одағыиың мүшесі, белгілі қаламгер, мәдени мұралар зерттеушісі Көбен Асқарұлы зайыбымен және ұлы, Шыңжан телеарнасының редакторы, бірнеше деректі фильмдердің авторы, Қуандық Көбенұлы үшеуі Астанаға алғаш аяқ басқасын өтініштерімен Бурабайды аралатып қайтып келе жатқанмын.
«Ақ жол» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасы Серік Бейсембаев бастаған азаматтар күтіп алып, көрікті Көкшенің көркем де тарихи жерлерін аралап, Сәкен мен Ақан серінің жыр-әндерін жатқа айтып келе жатқанбыз. Астанаға 30 шақырымдай қалғанда Бозайғыр ауылынан өте бергенде жол бойындағы тұрған Қүлагердің ескерткішін көргенде Көбен ақсақал, тіпті, қуанып кетті.
Астана-Көкшетау айдаңғыл жолымен зымырап келе жатқан темір тұлпарымыздың басын Мырзабай бауырымыз зорға ірікті. Бұл ел қуанған Құлагер ескерткіші туралы кезінде газетіміз бен сайтымызда біраз жазып, сүйіншілеп, жарнамалағанмен мен де көрмеген екенмін, еңселі ескерткішті тамашалауға кірістік. Өзім мамандығым суретші болған соң, маман ретінде де ер қанаты болған әйгілі Құлагердің ескерткішінің орындалу сапасына және осыны орнатқан азаматтарға разы болып тұрған едім, ескерткіштің қарсы бетіндегі Көбен ақсақал: «Мында не жазылған, түсінбей жатырмыз?» - деді. Сол қанатқа өтіп қарасам, масқарасы сол, Алашты әнмен тербеген атақты Ақан серінің жел жетпес Құлагерінің ескерткішіне шет тілінде, Ресейдің мемлекеттік тілінде жазып қойыпты: «Своему народу — героическому номаду Великой Степи славу и честь на спинах коней отстоявшему посвящаю! С уважением Садыбек Тугел, автор идеи и организатор строительства памятника Кулагеру, заслужный деятель Республики Казахстан, писатель».
Құрметті  шетелдік қонақтардың алдында бетім ду ете қалды. Тәуелсіздіктің хабарын Алтайда естіп, қуаныштан жылаған Көбен ақсақал мен Қуандық жол бойы айтып келе жатқан Сәкен мен Ақан сері әндерін ұмытып қалған болса керек, құп-қу болып кетіпті... Әй, қыр-соңымыздан қалмай қойған, қу желкеден түспей қойған қу құлдықтай! Ширек ғасыр Тәуелсіздік алсақ та, бетімізге шіркеу болған бейшаралық-ай!.. Кеңес Одағының кезінде де ешқандай ескерткіш орысша жазылмап еді ғой!.. Ақан сері, өкінішке орай, орысша жазбаған, әйтпесе, оның да Құлагер жайлы жырынан алынған бір жолды орысша жазар ма еді... Сол жолды орыс тіліне аударып жазбағандарына Құдайға шүкір... Сонда қалай, бұл ескерткішті орнатқалы біраз болды, салып жатқанда да, қазақтың Құлагерін шетелше кісінетіп жатқанда да ешкім: «Бұл не масқара!» деп айтпаған ба? Әлде қазақша жазатын адам қалмаған ба? Жоқ, Астананың іргесіндегі бұл өңірге Тәуелсіздік әлі жетпеген бе? Сөйтіп отырып, «жазуың жоқ, тілің жоқ» деген Жириновскийлерге несіне өкпелейміз?!.
Мен бұған не айтамын?! Мұны жазған басқа-басқа емес, жазушы адам деп қайтіп айтамын? Сіздер не дейсіздер?
Біздің айтарымыз, Құлагер ескерткіші күрежолдың бойында болғандықтан Бурабайға барып келе жатқан кез-келген адам, шетелдіктер де көп болады, көреді. Мынадай әр адам көрген сайын масқара бола бермеу үшін, ескерткіш иелері әділ сыннан қорытынды шығарып, ескерткіштегі шетел тіліндегі жазу жазылған тақтаны мемлекеттік һәм ана тілімізге, яғни Ақан серінің тіліне ауыстыруы тиіс!
Источник - Казак унi (Алматы), № 23 (680), 09.06.2015,т

Источник - Казак унi (Алматы), № 23 (680), 09.06.2015