14 қараша 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
Ақтауда «Жас қаламгер» әлеуметтік жобасының қорытынды шарасы өтті.
Шараға “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының
орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы қатысты.
Кеште Маңғыстау өңірінің ақындары өз жырларын оқыды. Бұл поэзия мен өнердің
мерекесіне айналды.
Кеш ақындардың қызыл кілеммен жүріп өту дәстүрімен басталды.
Мұнан соң Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі
басқармасының қолдауымен «Жас қаламгер» әлеуметтік жобасы негізінде
маңғыстаулық жас ақындар Жұмагүл Мұрсалдың «Ғашық болып қалмаңдаршы», Гүлфаридa
Ермекованың «Сезім көктеп жүректе», Алтынбек Әлібаевтың «Құрақ көрпе» жыр
жинақтарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Жас қаламгерлердің жаңа жыр жинақтары
оқырман жүрегіне жол тартып, руханият төрінен орын алсын деп тілейміз.