27
Ақпан

«Қайраткер» жас саясаткер мектебі өз жұмысын бастады

27 ақпан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

Бұл білім беру жобасында сарапшы әрі спикер ретінде “Ақ жол” партиясының Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Дулат Тұрсынұлы бар.

Дулат Тәстекей еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын, өз дамуын саясат пен қоғамдық қызметте көретін белсенді жастарға практикалық мәні бар дәрістерді өткізеді.

«Қайраткер» мектебі – көшбасшылық қабілеттерді дамытуға, маңызды білім алуға және Қазақстанның жарқын болашағының бір бөлігі болуға берілген тамаша мүмкіндік. Бұл мектеп жастардың саяси сауаттылығын арттырып, олардың мемлекет басқару ісіне белсенді араласуына жол ашады.

Бұл бастама – жаңа көшбасшыларды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Барлық жас саясаткерлерге сәттілік тілейміз!

Ақ жол!