14
Сәуір

Cұхбаттар 14.04.2015

Алмас Тортаев, Парламент Мәжілісінің депутаты: «Мамандар мемлекет сұранысына сай дайындалғаны жөн» - Зан газетi (Алматы)

 
- Алмас Ұзақұлы, мемлекет тарапынан қаншама шаралар қабылданып жатса да жұмыссыздық мәселесі Қазақстан үшін өзекті болып түр. Әсіресе, соңғы уақытта ел көлемінде жаппай етек алған қысқарту бүл жағдайды күрделендіре түскендей. Мұның, әсіресе, енбек жолын енді бастаған жастар үшін зардабы аз болмауда. Бүгінде оларды «тәжірибең жетпеді, өтілің жоқ»,- деген негізсіз себеппен жұмысқа алмайтындар көп, осындай себеппен қысқартып та жіберіп жатыр. Бұған не шара жасауға болады?
- Меніңше, нақ осы бағытта аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Елімізде жұмыссыздың мәселесін шешуде оң қадамдар бар. Жалпы, Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясы бүл тұрғыда арнайы «Жұмыспен қамту туралы» заң жобасын әзірлеген болатын. Алайда, ол ведомствоаралық комиссиядан өтпей қалды. Бірақ, біз онда қамтылған өз ұсыныстарымызды Мәжіліске келіп түсіп жатқан әртүрлі заңдарға енгізіп жатырмыз.
Сондай ұсыныстарымыздың бірі - азаматтардың жасына байланысты жұмысқа қабылдауға шек қоюға қатысты болатын. Шыны керек, бұл мәселе осыдан бір-екі жыл бұрын жұмыссыздар алдынан жиі шығатын. Қазір де оның толық жойылғанына ешкім кепілдік бере алмайды. Әсіресе, жастар үшін жұмыс өтілінің міндетті болуы талап етіліп келді. Біз жуырда қабылданған «Жастар саясаты» туралы заңына орай Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге осы мәселені жастар үшін тиімді шешуге күш салдық. Ондағы қабылданған өлшем бойынша, алдағы уақытта жұмыс берушілер жастардан еңбек өтілін талап етпейді және оларды екі жылға дейін жұмыстан шығармайды. Бірақ, заң жобасы қаралған кезде бұл талап Мәжілістегі әріптестер тарапынан да, Сенаттағы бірқатар әріптестер тарапынан да үлкен қарсылыққа тап болды. Депутаттар бүл бастаманың жұмыс берушілер мүддесіне қайшы келетінін, егер бүл өзгеріс енгізілетін болса олардың талапқа сай келмейтін мамандарды амалсыз жұмысқа алып, екі жылдай ұстауына мәжбүр болатындығын алға тартты. Бірақ, құзырлы орын тарапынан еңбек тәртібіне қатысты ережелерге сай бүл мәселелерді қолданыстағы заңнама талаптары бойынша әрбір жұмыс берушінің реттей алатындығы дәлелденіп, аталмыш норма қабылданды.
- Жұмыссыздық, сонымен қатар, көп жағдайда мамандыққа сай жұмыстардың табылмауынан да етек алып барады. Қазір жекеменшік оқу орындарын ақылы түрде оқып, бітіргендерді айтпағанда, мемлекеттік оқу орындарын грантпен тамамдағандардың арасында екі қолға бір күрек таппай жүргендері аз емес. Бүл мәселенің шешімі қалай болмақ? Осы тұрғыда, еріксіз жұмыс тауып бермейтін маманды мемлекет неге дайындады деген ой келеді?
- Бүгінде жұмыссыздық мәселесі әлемнің көптеген, тіпті, дамыған елдері үшін де шешімі қиын мэселе болып тұр ғой. Оның қасында дамушы мемлекет деңгейінде отырған біздің елге бүл проблеманы айналып өту мүмкін де емес. Қазір бізде құрылысшы, дәнекерлеуші секілді орта буынды мамандарға сұраныс жоғары. Алайда, олар аз дайындалады. Мұның бірінші себебі, қажеттіліктің дұрыс айқындалмай отырғандығы болса, екінші себебі, көптеген жастарымыздың, олардың ата-аналарының бұл кәсіптерді қол көрмеуімен байланысты болып отыр. Иә, әркім де өзін немесе баласын биіктен көргісі келеді. Десек те, кәсіпті таппағанда олар сол мамандықтың қажеттілігін, оны дайындайтын оқу орнының мүмкіндігін, деңгейін саралап алуы керек қой. Өкінішке қарай, бізде мұның бәрі кейінге ысырылып, бірінші орынға әйтеуір қайдан болса да жоғары оқу орнының дипломын алу мақсаты шыққан. Салдарынан олар еңбек нарығындағы сұранысқа сай келмей, жұмыссыздар қатарын толықтыруда.
Рас айтасыз, мемлекеттік грант иеленушілер де жұмыссыз жүр. Меніңше, бұл да дұрыс таңдау жасалмаудың салдары. Мемлекет тарапынан да грант нағыз қажет мамандықтарға беріліп жатқан жоқ. Менің байқауымша, оның бөлінуі бізде сұраныс бар мамандар санына емес, елдегі бала туудың көрсеткішіне, мектеп бітірушілердің жалпы санына негізделетін сияқты. Мәселен, былтыр агроном мамандығына бөлінген елу грант келесі жылы мектеп бітірушілер санының артуына орай елу беске артады. Бұл қате қадам ғой. Сондықтан, осы ретте жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын белсенділендіру қажет сияқты. Олар елдегі жұмыс орындары, мамандарға қажеттілік деңгейіне маркетингтік зерделеу жасап, нәтижесін жариялап отыруы керек. Грант осы шара барысында айқындалған көрсеткіштерге негізделіп бөлінуі керек. Сонда ғана біз дипломды жұмыссыздардан арылатын боламыз. Жалпы, қазір Парламент қабырғасында қаралып жатқан «Білім туралы» заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер қатарында грантпен бітірген жастарды жұмыспен қамтуды міндеттейтін өлшем бар. Бұл, әрине, мәселенің нақты шешімі емес екенін түсінуіміз керек.
- Қазіргі таңда шағын және орта бизнес арқылы жұмыс орындарын ашуға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Әйтсе де, осы ұйымдарда да жұмыс істеу қиын екенін жасырып қайтеміз. Онда әлеуметтік міндеттемелер орындалмайды. Басшы қалаған уақытында еңбек шартын бұзып, қолайына жақпаған жанды щ мыстан шығарып жібереді. Мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отырған кәсіпкерлік нысандарының әлеуметтік жауапкершілігін арттырмай, оларға нақты міндет жүктемей бүл мәселені реттей алмайтын сияқтымыз.
-  Бұл тұрғыда сәл қателесіп отырсыз. Жалпы, еліміз бизнесті дамытуға нақты қадам жасаған ел. Мұндағы мақсат экономиканы әртараптандыру арқылы халық тұтынатын отандық өнімдер қатарын көбейту және езіңіз айтқандай халықты жұмыспен қамту. Бүгінде бизнестің жауапкершілігін көтеру бағытында нақты шаралар қабылданды. Соның бірі - олардағы кәсіподақ ұйымдарының құрылуы. Қазір осы кәсіподақ ұйымы, мемлекет.және кәсіпкерлердің «Атамекен» палатасы, арасында әріптестік орнатылған. Онда - әр ұйым өз міндеттерін атқарады.Олардың өз жұмыстарын тиімді жүргізуінің құқықтық негіздері арнайы заңнамамен дәйектелген. Қазір көптеген азаматтар мемлекеттік қызметте істегеннен гөрі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде жұмыс істегенді жөн көреді. Себебі, оларда жалақы да жақсы, еңбек жағдайы да ойдағыдай. Қазақстанда бизнес енді-енді аяғынан тұрып келеді. Оларға бүл қалыптасу кезеңінде көп міндет арту дұрыс емес. Дегенмен де, біздегі бизнес нысандары қал-қадірінше халықты жұмыспен қамтуға үлес қосып жатыр.
- Жаңа бір сөзіңізде кептеген жастардың бүгінде қара жұмысты істегісі келмейтінін айтып қалдыңыз. Мұның бүгінде бізде қарапайым еңбек адамы мәртебесінің төмендігінен екені белгілі ғой. Бәрінін жоғары қызметте істеп, атақ пен мансап қуғысы келетіндігі қоғамда оларға ие жандардың айрықша бағаланып, барлық игілік атаулыны солардың көріп отырғандығымен байланысты. Сондықтан, қазіргі жастар ұмтылатын, әспеттейтін құндылықтар осылар. Бүл психологияны өзгертпей, көсегеміздің көгермейтіні анық.
 
Дерекнама - Зан газетi (Алматы), № 51 (2637), 10.04.2015