2026 жылы 28 ақпан күні “Ақ жол” демпартиясының Алматы қалалық филиал
төрағасы Асқар Бисқұлтанов және Алматы қалалық жастар Кеңесі мүшелері “Алматы
арена” көпфункционалды спорт кешеніңде Италияда өткен ХХV қысқы Олимпиада
жеңімпаздарын кұттықтау рәсіміне қатысты.

Мерекелік іс-шараға оңтүстік астананың әкімі Дархан Сатыбалды Олимпиада
ойындарында еліміздің намысын абыроймен қорғаған барлық спортшыларды
құттықтады. Кештің жұлдызы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан тарихи жетістікке жеткен
және алтын медаль иегері Михаил Шайдоров болды. Оның женісі - бүкіл Қазақстан
үшін зор қуаныш әрі үлкен мақтаныш.

Сондай-ақ, қала әкімі Евгений Кошкиннің, Ростислав Хохловтың, Данил Васильевтің және жас спортшы Илья Мизерныхтың жанқиярлық еңбегін ерекше атап өтіп ақшалай сертификаттармен марапаттады.
“Ақ жол” демпартиясы 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиаданың Қазақстан ұлттық
құраманы шын жүректен құттықтайды, Ақ жол спортшыларға.