17
Мамыр

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің IV шақырылымының алғашқы отырысы өтті

17 мамыр 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2025 жылғы 25 сәуірдегі хаттамасы негізінде Алматы қаласы мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 31-НҚ өкімімен Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді. Жаңа Қоғамдық кеңесінің құрамына интервью негізінде “Ақ жол” демпартиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов өтті.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қоғамдық кеңес құрамындағы мемлекеттік органдар өкілдерінің үлесі үштен аспауы тиіс. Жаңа құрамға 42 адам кірді – олардың 39-ы азаматтық қоғам өкілдері және 3-еуі мемлекеттік органдар өкілі. Ашық конкурс тікелей эфир арқылы өтті, оған 150-ден астам өтінім келіп түсті. Құрамның 70 пайыздан астамы – жаңа тұлғалар. Кеңес құрамында барлық негізгі салалар қамтылған, 35 жасқа дейінгі жастар үлесі – 21,4%, орташа жас – 46. Сонымен қатар құрамға қандастар, мүмкіндігі шектеулі жандар, экологиялық ұйымдар, жұмысшы мамандық иелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері мен жастар кірді, гендерлік теңдік те сақталған.

2025 жылы 30 сәуір күні Алматыда Қоғамдық кеңестің IV шақырылымының алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Кеңестің құрылымы мен алдағы қызметіне қатысты негізгі ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Құрметті, Олжас Нұралдинов Алматы қалалық филиал ұжымы Сізге жаңа қызметіңізде ақ жол тілейміз.