23 маусым 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
Іс-шараға Дунгуань қаласы әкімінің орынбасары мырза Лю Гуанбинмен және «Ақ
жол» демократиялық партиясының өкілдерімен бірге қатысып, Қытай мен Қазақстан
арасындағы сауда, технология және өнеркәсіп салаларындағы жаңа ынтымақтастық
алаңының негізін қаладық.
Бұл шоурум – Гуандун провинциясының үздік өнімдері мен брендтерін ұсынатын,
сонымен қатар кәсіпкерлер, инвесторлар және екі ел арасындағы іскерлік
байланысты дамытуға мүдделі жандар үшін маңызды орталық болмақ.
«Ақ жол» партиясы әрқашан ашық экономиканы, кәсіпкерлікті қолдауды және
халықаралық серіктестікті дамыту идеясын қолдайды. Біздің мақсатымыз –
Қазақстан мен серіктес елдер арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынасты
тереңдету.
Қытай делегациясына сенімі мен бастамасы үшін алғыс айтамыз! Бұл – үлкен
жолдың басы ғана. Алматы ынтымақтастыққа, инвестицияға және бірлескен даму
идеяларына әрдайым ашық.

