21
Тамыз

Алматы қаласындағы студенттік жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді

21 тамыз 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

«Ақ жол» партиясы Жастар кеңесінің төрағасы және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің 5-ші Әлеуметтік даму, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі комиссиясының сарапшысы ретінде мен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жаңа оқу жылы алдындағы жатақханаларының дайындығын тексеруге қатысты.

Жалпы, университеттер 90 пайызға дайын. Басшылық Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірінші курс студенттерін қабылдау туралы бұйрығын күтіп отыр, содан кейін қоныстандыру жұмыстары басталады. Біз тексерген үш жоғары оқу орнында орынның жеткіліктілігі, негізінен, жоғары курстардың жалдамалы пәтерлерге көшуіне байланысты босап жатқан жатақхана орындарымен түсіндіріледі.

Дегенмен, көптеген жатақханалардың ортақ бір мәселесі бар: олардың барлығы өткен ғасырдың 50–60 жылдары салынған және жыл сайын тек косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда күрделі жөндеуге мораторий бар. Соған қарамастан, университеттер ғимараттарды кешенді жөндеуге, эргономика талаптарына сай өзгерістер енгізуге дайын. Ал жаңа жатақханалар құрылысын субсидиялауға арналған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасын күрделі жөндеуге бағыттауға болар еді. Өйткені мегаполисте жаңа жатақханалардың салынуы қосымша жүктеме туғызып, тұрғындардың наразылығын өршітуі мүмкін.

Белгілі болғандай, жатақханадағы бір орынның орташа бағасы айына 15–20 мың теңгені құрайды. Бөлмелер 2 немесе 4 адамға арналған.

Алдағы уақытта тағы бірнеше жатақхананы аралап, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесіне сараптамалық қорытынды беру жоспарлануда.

Ақ жол!