2 наурыз 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылдың 1-2 наурызында Алматы қаласында зіл темір көтеру түрлері
бойынша Ашық Қазақстан Кубогы өтті, оның шеңберінде пауэрлифтинг бойынша
чемпионат да өткізілді. Турнирге «Ақ жол» демпартиясының Алматы облысы
филиалының төраға орынбасары Абзалбек Сағымбекұлы, Алматы қалалық филиалының
Жастар кеңесінің төрағасы Ханза Насурлаев қатысып, қатысушыларға өз қолдауын
білдірді.
Турнирдің ерекшелігі инклюзивті форматты кеңейту. Жарысқа тек кәсіби
спортшылар ғана емес, ерекше қажеттіліктері бар спортшылар да қатысты. Қазақстанда
алғаш рет көрме алаңы аясында толық инклюзия іске асырылды, онда спорт
шеберінен төмен емес нормативтерді орындайтын спортшылар ерекше қажеттіліктері
бар спортшылармен жұптасып өнер көрсетілді. Олардың жетістіктері әлемнің,
Азияның және Еуразияның алғашқы рекордтары ретінде бөлек тіркелетін болады.

