16
Қазан

Алматы облысында “Ақ жол” партиясы өкілі аудан тұрғынының өтініші бойынша кездесу өткізді

16 қазан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімдігіне аудан әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлымен аудан тұрғыны, 1986 жылғы желтоқсан көретілісінің қатысушысы, зейнеткер Сіргебаева Ақмарал апамыздың өтінішімен кездесуге Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясының филиал басшысы Шынасылова.М барды. Кездесу барысында Сіргебаева.А филиалға жазған мәселелерін талқылады. Атап айтсақ:

1. Зейнеткерге берген жердің кәсіп нысанын салуға қолайсыз екені (электр трансформаторының жанында) айтылды. Әкім өз тарапынан арызданушыға қайта өтініш жазып, қолындағы жердің құжатын қайтарып, басқа жерге арыз жазуын өтінді.

2. Мүгедек ұлының ескі, құдағалы жағдайда тұрған үйін ауыстыру мәселесі.

Әкімшілік қазіргі ауданда салынып жатқан үйлердің басқа санаттағы азаматтарға берілетіні туралы айтты.