02
Шілде

Алматы облысында өңірлік конференция өтті

Қонаев қаласында «Ақ жол» Демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының кезекті конференциясы өтті. Жиынға өңірдегі партия ардагерлері, жергілікті мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және филиал басшылығы қатысты.

Басқосуға қатысушылардың қатарында «Ақ жол» демпартиясының ардагері Әлімбаев Қ.Т., облыстық мәслихат депутаты Горяной С.В., Іле аудандық мәслихатының депутаты Әлімбаев Ж.Қ., Іле аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бармашиков Д., Балқаш аудандық мәслихатының депутаты Нұртаев Қ.Л., Қарасай ауданының партия үйлестірушісі Жангишупова А.Ж. және облыстық Кеңес мүшесі Ергалиева Е. болды.

Конференцияның күн тәртібіндегі басты мәселе - 2026 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында өтетін «Ақ жол» демократиялық партиясының XXIII съезіне Алматы облысынан қатысатын делегаттарды сайлау болды.

Талқылау барысында партия белсенділері ұсынылған үміткерлердің кәсіби біліктілігі мен қоғамдық белсенділігіне тоқталып, ашық дауыс беру рәсімін өткізді. Дауыс беру қорытындысы бойынша облыстық филиал атынан республикалық съезге қатысатын 7 делегаттың тізімі бір ауыздан бекітілді.