10
Тамыз

Алматыда 5000-нан астам адам Абай әндері орындалып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды

10 тамыз 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы⠀

Алматыда қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталмыш шараға “Ақ жол” демпартиясының Алматы қалалық мәслихатының депутаты Асқар Қуандықұлы қатысты.

Қала тұрғындары мен қонақтары Абайдың аңызға айналған туындылары – «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін орындады. Әндерді «Отырар сазы» оркестрі, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік хоры сүйемелдеді.