18
маусым 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалында Қазақстан
тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдері, ұлттық байлықтардың бөлінісі, елдің
экономикалық дамуы және туу көрсеткішін ынталандыру мәселелері талқыланған
дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар және партия өкілдері қатысты. Қонақ ретінде
Норвегиядан келген Осло университетінің профессоры Хельге Блаккисруд қатысып,
аймақтағы демографиялық және саяси үдерістер жөнінде өз ойымен бөлісті.
Қатысушылар қатарында:
Айдар Әмребаев – ф.ғ.к., Философия, саясаттану және дінтану институтының
директоры
Рүстем Қадыржанов – ф.ғ.д., аталған институттың бас ғылыми қызметкері
Ернар Үжкенов – т.ғ.к., Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының
жетекші ғылыми қызметкері;
Қуаныш Сайлау – PhD докторант;
Арман Жұмаділ – т.ғ.к., ҚБТУ доценті, «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық
филиалы төрағасының орынбасары;
Олжас Нуралдинов – «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы.
Талқыланған негізгі тақырыптар:
▪️ Тәуелсіздіктің қалыптасуы және мемлекеттік құрылымдар
▪️ Ұлттық байлықтарды әділ бөлу мәселесі
▪️ Шағын және орта бизнестің ел дамуына қосқан үлесі
▪️ Туу көрсеткішін арттыру мен демографиялық саясат
Барша қатысушыларға ашық әрі мазмұнды пікір алмасу үшін алғыс білдіреміз.
Ел дамуына қатысты маңызды мәселелерді ашық талқылау – басты басымдықтарымыздың
бірі.

