01
Ақпан

Алматыда киокушинрю каратэден SEIKEN DOJO CUP 2025 ашық чемпионаты өтті

1 ақпан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

 «Ақ жол» демпартиясы төрағасы, Азат Перуашев каратэден халықаралық жарыстардың ашылуын өткізді. Сондай-ақ «Ақ жол» Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов пен 7ші шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты, қалалық филиалы Кеңесінің мүшесі Ербол Омарханов құттықтау сөз сөйледі.

Чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 640 спортшы қатысты.

«Алматы киокушинрю каратэ альянсы» үкіметтік емес ұйымының және «SEIKEN DOJO» спорт клубының жетекшісі Александр Шин Азат Тұрлыбекұлына Алғыс хат табыстап, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының мүшелеріне осы шараны ұйымдастыруда көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Спортшылар мен олардың ата-аналарына алдағы турнирлерде ақ жол тілейміз.