15 қазан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы Париж сән апталығы мен Милан сән
апталығына қатысып, әлемнің сән астаналарын бағындырған әжелерді құттықтау
рәсімі өтті.
Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі және Ұлттық дизайнерлер
академиясының академигі Раушан Әнуарбекова 20 шақты әжелерді Еуропада жетекші
етіп оқиғаға толы сапар жайлы айтып берді.
Алматы қалалық Кеңес мүшесі, Алматы қаласының Ардагерлер кеңесінің мүшесі,
сән апталықтарының қатысушысы Көгершін Жамыканова сән апталығында алған әсерлер
жайлы бөлісті және Алматы қалалық филиалының кеңсесіне келген қонақтарды
таныстырды:
1. Роза Абдимадиева;
2. Манат Шимпеисова;
3. Айман Ерментаева;
4. Лиза Жумагалиева;
5. Баян Батырханова;
6. Кенжегуль Искендирова.
Филиалдың құттықтау сөзін партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының
кеңесшісі Рахат Алтай мен Алматы қалалық филиалының мүшесі, кәсіпкер,
«Үркер-АШ» ЖШС бас директоры Азамат Қиялбаев айтты.
Еске салайық, Әлемдік подиумда 60 пен 74 жас аралығындағы 20 әже ұлттық
стильде тігілген «Ақ маржан» топтамасын таныстырды.
Жоба қатысушылары елдің әр аймағынан арнайы кастинг арқылы іріктелді.
Олар бойындағы әйелге тән нәзіктікті,
сенімділік пен мәдениеттілікті көрсете білді. «Әлемді таңғалдырған қазақ
әжелері» жобасы Еуропадағы сән апталықтарына төртінші мәрте қатысып отыр.
Биылғы көрсетілім Халықаралық қарттар күніне және Қазақстанда аталып өтетін
Қарттар айына орайластырылған
«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының ұжымы отандық дизайнер Раушан
Әнуарбекова мен оның «алтын» модельдерін халықаралық жеңістерімен құттықтайды.
Сіздерге ең бастысы зор деңсаулық және бұдан да биік шыңдар мен жеңістер
тілейміз.
Ақ жол!

