12
Маусым

Алматыда Қытайдың Аньхой провинциясынан келген делегациямен кездесу өтті

12 маусым 2025 жыл Алматы қалалық филиалы

Бүгін Алматы қаласының мәслихатында, КДП "Ақ жол" депутаты ретінде, Қытай Халық Республикасының Аньхой провинциясынан келген делегацияны қабылдадық. Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Тан Лянчжимен өткен әңгімеміз мазмұнды және жемісті өтті. Кездесуде аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, экономика мен туризм саласындағы бірлескен жобалар, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқылыланды. Екі жақ диалогты әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, осы күзде келесі кездесуді Аньхой провинциясында өткізуге уағдаласты.