26
Қараша

Ақманат Мұратқызы Төлегегова кестеге сәйкес қалалық мәслихат ғимаратында азаматтарға қабылдау өткізді

26 қараша 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ақманат Мұратқызы Төлегегова кестеге сәйкес қалалық мәслихат ғимаратында азаматтарға қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген Тасбөгет кентінің тұрғыны Н.Рахымбай Тасбөгет кентіндегі М.Шоқай көшесінің бойындағы бос жерге балалар ойын алаңын салу мәселесін көтерді.

Депутат А.Төлегенова  көтерілген мәселе бойынша құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді және өзі сайланған Тасбөгет кентіндегі №21 сайлау округі бойынша алдағы атқарылатын жұмыстарға түсіндірме берді.

Сонымен қатар, Ақманат Мұратқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі Жаратылыстану институтының ұйымдастыруымен өткен «JI stars–2025» мамандық аралық сайысына демеушілік жасап, қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.