24
Қараша

Ақманат Төлегенова Достық үйінде өткен Аналар кеңесінің 2025 жылғы қорытынды отырысына қатысты

24 қараша 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ақманат Төлегенова Достық үйінде өткен Аналар кеңесінің 2025 жылғы қорытынды отырысына қатысты.

Жиында облыстық Аналар кеңесінің жыл бойына атқарылған жұмыстарына  жан-жақты шолу жасалып, негізгі бағыттар бойынша атқарылған істер таныстырылды.

Кездесу барысында аналардың қоғамдағы рөлі, бірлік пен ынтымақты сақтау жолындағы бастамалардың маңызы және алдағы жоспарлары талқыланды.

Ақманат Төлегенова өз кезегінде "Ақ жол" партиясының қалалық мәслихаттағы депутаты және Қызылорда облысы бойынша "Әйелдер күші Альянсы" бірлестігінің төрайымы ретінде Аналар кеңесімен бірлесе жаңа жобаларды іске асыруға және әйелдерге қатысты маңызды мәселелерді бірге көтеруге дайын екендігін атап өтті.