26
Тамыз

Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда

26 тамыз 2025 жыл, Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда. Шараның бас демеушісі – «Алуа Строй» ЖШС.

Бүгінгі игі іс Тайтөбе ауылындағы Мәдениет үйінде өтті. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған бұл шараға «Ақ жол» партиясының Қосшы қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер, M&EL компаниясының басшысы Мақсат Ташенов үлес қосты. Сонымен қатар M&EL компаниясы да қайырымдылық шарасына белсене атсалысты.

«Мектепке жол» акциясының басты мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдау көрсету, олардың мектепке баруына кедергі болатын әлеуметтік себептердің алдын алу.

Балалардың шат күлкісі мен ата-аналардың алғысы – жасалған жақсылықтың ең үлкен жемісі.

Жақсылық жасап жарысайық!