28
Шілде

AQ JOL CUP 2025: 1-ші Республикалық пікірсайыс турнирі өтті

28 шілде 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

2025 жылғы 26-27 шілдеде Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында «Ақ жол» демпартиясының Жастар кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық пікірсайыс федерациясымен бірлесіп «Ақ жол» партиясының кубогы үшін ел жастары арасында 1-ші Республикалық пікірсайыс турнирін өткізуде. Бұл ауқымды шараның басты мақсаты – елдегі пікірсайыс қозғалысын дамыту, жастардың бойында азаматтық ұстаным мен сананы қалыптастыру, сондай-ақ жас шешендерді анықтап, оларға қолдау көрсету және ұсыныстарын тыңдау.

26 шілде күні Yessenov University конференц-залында “AQ JOL CUP 2025” турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Шараға “Ақ жол” Маңғыстау облыстық Мәслихат депутаты, “АЛҒА" мүгедектер спорт клубы" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бисенов Бекнұр Амантайұлы; “Ақ жол” Бейнеу аудандық Мәслихат депутаты, ақын Түзелов Райымбек Бердібекұлы; “Ақ жол” партиясының Жастар кеңесінің төрағасы Ханзадилла Насурллаев сөз сөйледі. Партия мүшелері жастарға ойындарды әділ әрі қызық өткізуге тіледі.

Ақтөбе, Орал, Ақтау, Петропавловск, Қызылорда, Карағанды, Алматы және Астана қалаларынан 18-35 жастағы 100-ден астам қатысушы 1 миллион теңгелік жүлде қорын сарапқа салды.

“AQ JOL CUP 2025” пікірсайыс жарысының ерекшілігі жаңа “PKR” қосымшасымен болды. Турнирге қатысушылардың тіркелу кезеңінен басталып, іріктеу сәттері және қорытынды нәтижелері жылдам әрі ыңғайлы IT өнім арқылы өтті. Алғашқы партия болып “Ақ жол” партиясы косымшаның әзірлеушілерін қолдап, турнирде тестілеу режимін өткізген.

Ойындар 4 раундтан, плей-офф кезеңінен және финалмен өтті. Турнирдің пікірсайысшылары келесі тақырыптарға ойлары мен ұсыныстарымен бөлісті:

1. “Қазақстанда ұлттық криптовалютаны енгізу экономиканы тұрақтандыруға жақсы ықпал етеді”;

2. “Маңғыстау облысында су ресурстарын басқаруды мемлекеттік монополиядан жергілікті қауымдастықтарға беруді ұсынады”;

3. “Ақ жол” партиясының жастар бағыты бойынша үздік жоба моделін ұсынады”;

4. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне жастардың көзқарасы.

27 шілде күні финалдық ойындарынан кейін 3 жүлделі орын және 2 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын: Ерсұлтан Жалмуған/Ермекбаев Қобылан (Орал құрамасы) 400 мың теңгемен марапатталды;

2 орын: Бозова Зарина/Санжар Латиф (Алматы құрамасы) 200 мың теңгемен марапатталды;

3 орын: Шаңдыбай Мейірболат/Нұрлан Арман (Орал құрамасы) 100 мың теңгемен марапатталды;

-“AQ JOL CUP 2025” турнирінде үздік ойын көрсеткен және ең көп ұпай жинаған “Үздік спикер” номинациясын Батыржан Сапарғали (Ақтөбе қаласы) иеленді және 100 мың теңгемен марапатталды;

-“AQ JOL CUP 2025” турнирінде бас төрешінің шешімі бойынша ойындарды әділ төрешілік еткен Ырысбек Аруов “Үздік төреші” номинациямен және 100 мың теңгемен марапатталды.

Салтанатты жабылу рәсімінен кейін “Ақ жол” партиясының Жастар кеңесінің төрағасы Ханзадилла Насурллаев барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, ақ жол тіледі!

“Ақ жол” партиясының Жастар Кеңесі қатысушылардың және жастардан атынан жаңа бастамамызды партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлына және Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Батыржан Қорғанбаевке алғыс білдіреміз.

Ақ жол!