08
Маусым

«AQ JOL JUNIOR CUP 2024» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

 2024 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов, «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Мейраш Шынасылова және партияның Алматы қалалық филиалының төраға кеңесшісі Алтай Рахат Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде өткен «AQ JOL JUNIOR CUP 2024» республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанатына қатысты.

 

Турнирдің бас жүлдесі үшін Шымкент, Қонаев, Тараз, Үшқоңыр және Алматы қалаларынан 120-дан астам студенттер бақ сынады. Барлық қатысушылар турнирдің басты тақырыбы: «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасы бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.

Пікірсайыс турнирінің екі кезеңінің қорытындысы бойынша жүлде қоры 4 фракция арасында анықталды:

 

4-орын (20 мың теңге): Жұмақ (Бақытбек Ақбота, Жарқынбек Әйгерім)

 

3-орын (40 мың теңге): Сонғы консул (Махан Олжас, Дәуірхан Айнұр)

 

2-орын (60 мың теңге): Мәңгілік ел (Тайтанова Диана, Қуанышбек Бекжан)

 

1-орын (100 мың теңге): Ғұмырдан да ұзақ күн (Қойшиева Арайлым, Табынбаева Нұрдана)

 

Жастар турнирін өткізуге қолдау көрсеткен партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов пен Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Асқар Бисқұлтановқа алғысымызды білдіреміз.