08
Ақпан

AQ JOL VIDEO AWARDS 2024 БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫЛАНДЫ

8 ақпан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

Алматы, 8 ақпан – Алматы қаласында өтіп жатқан «Ақ Жол» ҚДП Республикалық жастар форумы жас таланттардың басын қосып, үздіктерді марапаттады. Биылғы AQ JOL VIDEO AWARDS 2024 байқауы шығармашылық жастардың елдік мүддеге, ұлттық құндылықтарға, экономика мен кәсіпкерлікке арналған еңбектерін бағалауға бағытталды.

Форум аясында өткен байқауда төрт номинация бойынша үздік жұмыстар анықталды. Шымкент қаласынан қатысқан Қанат Жолдасбек «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясын жеңіп алды. Оған марапатты «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса табыстады.

Қанат Жолдасбек өз еңбегінде «Алаш аманаты» тақырыбын таңдаған. Бұл – кез келген азамат үшін аса маңызды әрі өзекті тақырып. Алаш қозғалысы – қазақтың азаттығы үшін күрескен қайраткерлердің идеялық мұрасы. Сол мұраны дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.