25 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы
Аптаның соңғы күндерінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев, Қазыбек Иса және «Ақ жол» ҚДП облыстық филиалының жетекшілері Дмитрий Подковыров (төраға), Евгений Кинцельмен (филиал төрағасының орынбасары) бірге Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс жасады.
Айтып кетейік, екеуі де – партияның ең тәжірибелі мүшелері, 2002 жылы «Ақ жол» құрылғанда (тура 20 жыл бұрын!) қатарға қосылған.
Мәжілісімендер 25 ақпанда, жұма күні таңертең филиал жетекшілері, демократиялық партиядан сайланған жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.
Мұнан соң Облыстық мұрағатта болып, «Алаш» қайраткерлері Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгерұлы және Смағұл Сәдуақасұлының қызметіне қатысты жуырда табылған құжаттармен танысты.
Содан кейін облыстық кәсіпкерлер палатасында жергілікті ШОБ субъектілерімен міндетті таңбалауды енгізу мәселесін талқылады.
Түстен кейін депутаттар «ЗИК-СТО» зауыттары (вагон жасау) және SMB-групп (Биг-баг, сусымалы жүктерді тасымалдауға арналған ауыр салмақты жұмсақ контейнерлер шығару) зауыттарының жағдайымен танысып, олардың басшыларымен, инженерлерімен әңгімелесті.
Азат Перуашев: Орталық мемлекеттік органдар мен ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар деңгейінде пысықтауды талап ететін мәселелер бар, жағдайды жеткізуге тырысамыз. Қазіргі жағдайда шетелдік инвесторларға сатып алуда жергілікті қамтуға көбірек көңіл бөлу талаптары орынды әрі негізді болады деп ойлаймын.
Зауыттардан кейін халық қалаулылары Қызылжар ауданы, Бишкүл ауылына барып, оңтүстік өңірлерден көшіп келгендермен әңгімелесіп, біраз өтініш білдірушілерді қабылдады.
Солтүстіктің жаңа тұрғындарының өтініштері негізінен жаңа мектептер мен балабақшалар салу, ауылдарды абаттандыру, көп балалы отбасыларға АӘК есептеу тәртібі, малға жайылымдық жерлердің жоқтығы, т.б. мәселелерге қатысты болды.
Оңтүстіктен көшіп келген тұрғындардың қалай өмір сүріп жатқанын білу үшін Чапаево ауылындағы бір отбасының үйіне кіріп, дастарханнан дәм де татты.
Депутаттар өтініштерді ескеріп, жаңа мектеп пен балабақша салу бойынша аудан әкімінен бюджетті нақтылау аясында бастамашылық ету үшін ұсыныстар беруін сұрады.
Келесі күні Тайынша ауданы орталығындағы бір кездері көп мақталып, кейін қылмыстық істер мен банкроттық рәсімдерге дейін жеткен «Биохим» зауытының жұмысымен танысты.
Бүгінде кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде, ұжым өз жұмысын бағалайды, бірден оқытылатын жергілікті жастар да осы жерден оқып шығады екен.
Мазалайтын мәселелер – әйелдердің зейнет жасы, кірме теміржол желілерінің монополистімен қарым-қатынас (мұнда да «кіріккен» оператор!), бидай мен жанар-жағармай бағасы.
Одан кейін жоспардан тыс аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барып, сол сәтте волейбол ойнап жатқан командалармен әңгімелесті. Ауыл мектептерінде спорт секцияларын дамыту; жазғы және қысқы Олимпиаданың сәтсіз нәтижелері, егін шаруашылығы проблемалары: ауылшаруашылық техникасына утиль алым, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, банктерде кепілге қойылған пайлар мәселесі (иелері сатып алуға дайын, бірақ банктер кепілді жеке шаруашылықтарға «бөлуден» бас тартуда) т.б. мәселелерді талқылады.
Бұқаралық спортты дамытуға қатысты «Ақ жол» фракциясы соңғы он жылдан бері бұл тақырыпты көтеріп келеді; Өткен жылы 5 жылға созылған талас-тартыстан кейін дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс уақытта секцияларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуді енгізуге қол жеткізді. Бірақ соның өзінде қосымша төлемдер мардымсыз, дені сау спортшыға күзетші болу тиімдірек. Ал банк кепіліне қатысты Азат Перуашев нақты жағдай бойынша құжаттарды жіберуді сұрады, оны анықтауға жұмыстанатынын жеткізді.
Одан кейін Тендерік ауылында «Ақ жол» демпартиясынан сайланған Ержан есімді жас әкіммен кездесті.
Шағын ауылда 90 шаңырақ ғана болғанымен, тіршілігі қыз-қыз қайнап жатыр екен. «Қаратұма» ЖШС қожайындары ағайынды Әлжановтар.
Мектеп директоры, шаруагер Әлжановтар және ауыл тұрғындарымен кездесуде айтылған тақырыптардан мыналарды атап өтуге болады:
Азат Перуашев: Ауылдық тұрғын үй құрылысын субсидиялау мәселесі, менің білуімше, Үкіметте қазірдің өзінде пысықталуда, біз бұл мәселені нақтылайтын боламыз. Барлық басқа тақырыптар бойынша шешімдерді іздейміз.
Парламенттік «демалыс» аясында Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Шымкент-Түркістан облысы (4 аудан), - Жамбыл облысы (Тараз қаласы және 3 аудан), - Алматы - Алматы облысы (2 аудан), - Солтүстік Қазақстан облысының (Петропавл және 2 аудан) тыныс-тіршілігімен танысып келді.
Кәсіпорындар, еңбек ұжымдары, тұрғындардың жиындары, студенттік аудиториялар, тергеу изоляторындағы камералар, қамаудағылар мен олардың аналары, прокурорлар және адвокаттармен кездесулер өткізіп, «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысы үшін көп ақпараттар жинақтады.