30 сәуір 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы студенттер арасында пікірсайыс (дебат) турнирін өткізді.
Аталмыш іс-шара «Ақ жол» демпартиясының 20 жылдығына арналған.
Пікірсайыс турнирінің ашылу салтанатынп демократиялық партия төрағасының орынбасары Д. Васильев, партияның Алматы қалалық мәслихатының депутаттары және Алматы қалалық филиалының төрағасы О. Нұралдинов қатысты.
Дебат турнирі америкалық парламенттік форматта толығымен қазақ тілінде өтіп, оған 32 фракция (әр фракцияда 2 мүшеден тұрды), 74 қатысушы қатысты.
Айта кетерлік жайт, “Ақ жол” партиясының саяси бағдарламасының тармақтары турнирдің басты тақырыптары болды, соның ішінде:
- “Коррупция кезінде ұсталған ақшаларды қолданудың ең үздік механизмі”;
Турнирдің жүлде қоры 260 000 мың теңгені құрады.
Сайысқа Алматыдағы 9 университеттің студенттері қатысып, нәтижесінде:
- 1 орын (100 000 теңге) «Мен Жансерікке сенемін» фракциясы: Нұрахмет Мағжан және Жолшыбек Жансерік («Тұран» университеті);
- 2 орын (70 000 теңге) «Серый кардинал» фракциясы: Мантай Асхат және Наухан Сымбат («Тұран» университеті);
- 3 орын (50 000 теңге) «Алмас қылыш» фракциясы: Әлішбаев Мұхаммедәлі және Айтжанов Ергалым (Narxoz university).
“Ақ жол” Демпартияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған пікірсайыс турнирге қатысқандарға алғыс білдіреміз!