13 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының депутаты Ерлік Өмірғали Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавл қаласы бойынша тұрғын үй құрылысын аралды.
Кәсіпкерлер мен құрылысшылар Солтүстік Қазақстан облысының барлық аумағында құрылыс материалдары өндірісінің болмауы мәселелерімен жүгінді. Шикізат басқа қалалар мен Ресейден әкелінеді, бұл сәйкесінше тұрғын үйдің қымбаттауына және білікті кадрлар тапшылығына әкеледі.
Мұнан соң қаладағы 1973 жылы салынған «СҚО әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты» КММ-де болды.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатына қатысты өзге де шешілмеген мәселелер жиналып қалған, олардың бірі - қойманың толып кетуі. Қазақстанда мұрағаттар Комитеттің қарамағына берілген. Комитет бірнеше рет түрлі министрліктер мен ведомстволарға бағынышты болған. Бұл жағдай мұрағат саласына оң әсерін тигізбей тұр. Бүгінгі күні шешімі табылмаған өзекті мәселелер жинақталып қалған. Мұрағаттың қазіргі мәртебесі, оның нақты мүмкіндіктері мен қаржыландырылуы саланы тиімді басқаруды қамтамасыз етпей отыр.
Сондай-ақ, сапар барысында Петропавл қаласындағы жылыжай-бақшасының қызметкерлерімен кездеті. Бақша 10 жылдан астам уақыт бұрын салынған, мәртебесі заңмен бекітілмеген, сәулеттік құрылыста пайдалану нормалары сақталмаған. Қазіргі уақытта ботаникалық бақтың алдында биік ғимарат салынуда, ол ерекше өсімдіктердің күннен нәр алуына кедергі келтіруде.
Халық қалаулысы кездесуде айтылған барлық мәселелер «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында қаралатынын жеткізді.