18 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы
Сыр өңіріндегі сапар барысында Мәжіліс депутаттары Берік Дүйсенбинов пен Ерлік Өмірғали Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ерсін Орынбаев, Табиғи монополиялаларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғалым Тойлыбек және Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Жанмұрат Балғабаевпен кездесті.
Кездесуге «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жорабек Прманов, партиядан сайланған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ғибрат Байсейтов, облыстық филиал заңгері Нұрлыбек Амангелдиев, «Асар» холдинг ЖШС құрылтайшысы Қожахмет Баймахановтар да қатысты.
Жиында облыс бойынша баға тұрақтылығы мен өзекті мәселелер талқыланды.
Ал Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысы Жанмұрат Балғабаев көгілдір отынмен қамтылмаған аумақтарда тұрғындар әлі күнге дейін газ балондарын қолданатынын айтты.
Мұнан соң халық қалаулылары «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) басшылығымен кездесіп, ӘКК-ның жұмымен танысты.
«Байқоңыр» ӘКК басқарма төрағасы Ерлан Нұрланбаев аймақтағы кәсіпкерлермен бірлесе отырып, облыс көлемінде азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін, тұрақтандыру қорының тізіміндегі тауарлармен қамтамасыз ету, азық-түлік тауарларын арнайы әлеуметтік дүкендер арқылы өткізіп жатқаны туралы жұмыстарын мәлімдеді.
Кездесу барысында депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның қызметі заң жүзінде бүгінгі күнге дейін реттелмегені, бұл институт ортақ ережесіз құрылым екендігін атап өттіп, айтылған мәліметтер негізінде талдау жүргізетіндерін жеткізді.