25
Тамыз

Қарағанды облыстық филиалының әйелдер қанаты "Мектепке жол" акциясы аясында көп балалы отбасына қолдау көрсетті

25 тамыз 2025 жыл, Қарағанды облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясы Қарағанды облыстық филиалының әйелдер қанаты "Мектепке жол" акциясы аясында көп балалы отбасына спорттық костюмдер мен мектеп формасын сатып алу арқылы қайырымдылық көмек көрсетті. Демеушілік көмек көрсеткен — "ҚАЗПРОИМПОРТ" ЖШС директоры Юрий Александрович Кузнецовқа қолдау көрсеткені және игі іске қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл акция бірлесе отырып мұқтаж жандарға  көмек көрсетудің үлгісі және мысалы болды.