11 тамыз 2025 жыл, Қарағанды облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясы Қарағанды облыстық филиалының әйелдер қанатының
өкілдері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған
"Дельфин" аквапаркіне қайырымдылық сапар ұйымдастырып, оларға
ұмытылмас қуаныш пен көңілді күн сыйлады. Партия филиалы іс — шараның
демеушілеріне - "Дельфин" аквапаркі мен "Айза" ЖШС-не
балмұздақ ұсынып, және игі істе қолдау көрсеткендері үшін шын жүректен алғысын
білдіреді.