16
Қазан

"Қарақия кәсіптік колледжі" ұстаздарына “Алаштың Ақ жолы” байқауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

16 қазан 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

“Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы өкілдері "Қарақия кәсіптік колледжі" ұстаздарымен кездесу өткізді.

Кездесуде «Ақ жолдың» Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Амангелді Өтешов, партияның Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы “Ақ жол” демпартиясының жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін “Алаштың Ақ жолы” байқауы туралы ақпарат берді.

- “Қарақия аудананының жастары да осы байқаудан тыс қалмауын сұраймыз. Себебі бұл Алаш орданың жолы. Қазіргі жас ұрпаққа бұл тарих өз деңгейінде насихатталып жатқан жоқ. Бірақ “Ақ жол” партиясы Алаш зиялыларының қызмет жолын, еңбегін кеңінен насихаттау үшін барымызды салып, үлес қосып келеміз. Оның бір дәлелі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп жүрген “Алаштың Ақ жолы” байқауын айтуға болады. Ал парламент мінберінен Алаш бойынша қаншама жұмыстарды жүргізіп келеді. Ол бөлек әңгіме. Биылда кезекті байқауымызды жариялап, сіздердіңде ауданыңыздың ұстаздары мен студенттері қатысқанын қалап отырмыз. Себебі бұл ортақ тарих. Мәселен, өз өңірімізде Жалау Мыңбайұлының қазақ елі үшін атқарған қызметін насихаттап, спектакль қойып, ол туралы кітаптар жазбағанда  бұл күнде Маңғыстау халқы өз топырағынан шыққан Жалау Мыңбайұлын білмей кететін еді. Ал, дүйім қазақ “киргиз” аталып келген осы “қазақ” деген атауды қайтаруға Қаулыға қол қойған Жалау Мыңбайұлы екенін білмейтін еді. Сондықтан архив ақтарып, зерттеп, тың деректерді ашып, байқауға қатысыңыздар. Бұл “Ақ жол” партиясының жас ғалымдарға жасап отырған қолдауы.”, - деді депутат А.Өтешов.

Жиын соңында колледж ұстаздары қызығушылық танытып, байқау бойынша кеңінен ақпарат алғандарын айтып, байқауға қатысуға ниет білдірді.