27
Қараша

Қараканов Марат Жарма ауданының бірнеше ауылында тұрғындармен кездесті

27 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшесі, «Ақ жол» партиясынан сайланған Жарма аудандық мәслихат депутаты Қараканов Марат Жарма ауданының бірнеше ауылында тұрғындармен кездесті.

Көшек ауылында көтерілген басты мәселе — халық санының азаюы.

Тұрғындар ауылда бар болғаны 20 оқушы қалуына байланысты мектептің жабылып қалу қаупін ерекше атап өтті.

Олар:

* ауылға жаңа отбасылардың келуіне жағдай жасау,

* инфрақұрылымды жақсарту,

* жұмыс орындарын көбейту,

* елді мекенді сақтап қалу бағытында нақты шаралар қабылдауды сұрады.

Кездесу ашық форматта өтті. Қатысушылар ұсыныстарын еркін білдіріп, көтерілген мәселелер алдағы жұмыс барысында назарға алынатыны айтылды.

Кездесулер Көшек пен бірге Суырлы ауылдарында ұйымдастырылды.