07
Сәуір

Ардақ Жаңбыршы «Ой шебері» зияткерлік ойынына қатысты

7 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ардақ Жаңбыршы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында өткізіліп жатқан «Ой шебері» зияткерлік ойынына қатысты.

Колледж студенттері арасында ұйымдастырылған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» лигасы І ойыны аса тартысты өтті. 17 команда оқуға ұсынылған 3 кітап бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беріп, жарысқа жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.

Жарыстың ашылуында зияткерлік ойынның арнайы қонағы Ардақ Жаңбыршы партия тарапынан жүзеге асырылып келе жатқан интелектуалдық бағыттағы жобалары туралы айтып өтті. Жас зерттеушілерді қолдау мақсатында өткізілетін дәстүрлі «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты республикалық байқау талаптарына тоқталып, дебатшылар турнирі өткізілетінін жеткізді.