2026 жылғы 20 тамызда Шымкент қаласындағы «LOTTE Рахат» АҚ өндірістік алаңында «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дәния Мәдиқызы Еспаева бастаған Республикалық сайлауалды штаб өкілдері кәсіпорын ұжымымен кездесті.
Кездесуде еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі, шағын және орта бизнесті қолдау, несие мөлшерлемелерін төмендету және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.
«Ақ жолдың» ұстанымы бойынша, экономикалық өсім ресми есептердегі көрсеткіштермен емес, азаматтардың табысы мен тұрмыс сапасындағы нақты өзгерістермен өлшенуге тиіс. Отандық кәсіпорындар — тұрақты жұмыс орындарының, салық түсімдері мен экономикалық дербестіктің негізі.
Сондықтан қымбат несие, шамадан тыс әкімшілік талаптар және үнемі өзгеретін ережелер өндірістің дамуына кедергі болмауы керек. Мемлекеттің міндеті — кәсіпорындардың жұмысына араласу емес, әділ бәсекеге, инвестицияға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қолайлы жағдай жасау.
Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелер партияның алдағы жұмысында ескерілмек.
Кездесу соңында Дәния Еспаева еңбек ұжымын 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
23 тамызда — №6. «Ақ жолға» дауыс беріңіз!
Өзгерістер «Ақ жолмен» бірге!



