1 қазан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық
филиалының өкілдері №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арнайы
барып, осы орталықта тұратын партияның белсенді мүшесі Мамбет Құрманбаев ақсақалды
мерекесімен құттықтады.
Ардақты қарияны құттықтауға Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Исламбек
Насруллаұлы Төлебаев пен Мұхтар Асқарұлы Шимиров, сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП
Шымкент қаласы филиалының,төраға орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов қатысты.
Партия өкілдері қарияға ізгі тілектерін білдірді. Мамбет Құрманбаев –
қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, үлгі болып келе жатқан
ардагер. Қарттарды құрметтеу – өскелең ұрпақ үшін парыз әрі үлкен жауапкершілік
екені атап өтілді.
