10
Қыркүйек

АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық штаб өкілдері Алматы қаласында медициналық мекемелердің ұжымымен кездесті

10 қыркүйек 2024 жыл, Алматы қалалық филиалы

“Ақ жол” партиясының Алматы қалалық филиал төрағасы, Алматы қаласының Мәслихат депутаты Олжас Нұралдинов АЭС құру жөніндегі Республикалық штаб мүшесі ретінде екі медициналық мекемелердің ұжымымен кездесті. Біреуі, Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы орналасқан 36 қалалық емхана, ал екіншісі 27 қалалық емхана.

Кездесу барысында Олжас Елтайұлы “Ақ жол” партиясының АЭС құру жөніндегі позициясымен таныстырды және келе жатқан референдумға белсене дауыс беруге шақырды.