18 мамыр 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылы 18 мамыр күні “Ақ жол” демпартиясының Алматы қалалық депутаты
Асқар Бисқұлтанов Қазақ Ұлттық университетінің Al-Farabi Hub залында өткен
Senate Open 2025 шахмат турнирінің іріктеу кезеңіне қатысып депутаттық корпус
арасында 2 жүлделі орын алды.
Бұл зияткерлік додаға түрлі салада еңбек етіп жүрген 100-ден астам адам
қатысты: мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік
қызметшілер, ардагерлер, БАҚ өкілдері және тағы басқалар.
Шараның басты мақсаты – елімізде шахмат мәдениетін насихаттау, спорт арқылы
бірігу мен өзара құрметті дамыту.
Жүлделі орын алған ақжолдық Мәслихат депутаты Асқар Қуандықұлы
Талдықорғанда өтетін «Шығыс» аймақтық жартылай финалында өнер көрсетеді.
Қазір бұл турнирге еліміздің барлық өңірінде іріктеу кезеңдері өтуде. Финал
Астанада ұйымдастырылады.
Ақ жолдасымызға ақжол тілейміз!

